Иорданияда 30 мамырға дейін мерекелік демалыс жарияланды

292

Елде қос мереке аталып өтеді.  

Иорданияда 30 мамырға дейін мерекелік демалыс жарияланды Фото: Key to the Source

Иорданияда 25-30 мамырда мемлекеттік демалыс күндері ресми түрде бекітілді. Осы күндер аралығында корольдік тәуелсіздігінің 80 жылдығы мен Құрбан айт мерекесі тойланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1946 жылғы 25 мамырда Иордания Ұлыбритания мандаты аяқталғаннан кейін тәуелсіздігін жариялады. 30 мамырға дейінгі демалыс мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарға, университеттерге және муниципалитеттерге қатысты болмақ. Осылайша ел бойынша қос мереке кең көлемде аталып өтеді.

Король Абдалла ІІ бүкіл Иордания халқын 80 жылдық Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ел тұрғындарына мәтіндік хабарламалар жолдады.

"Құрметті иорданиялық отбасы, Тәуелсіздік күні құтты болсын! Алла сіздерді және біздің мақтанышымыз – Иорданияны қорғап жүрсін", –делінген құттықтауда.

Ел аумағында ресми және халықтық мерекелік шаралар өтіп жатыр. Қалалардың көшелері мен алаңдары мемлекеттік тулармен безендірілген. Сондай-ақ, концерттер, мәдени бағдарламалар және түрлі мерекелік іс-шаралар да ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек ел астанасы Амманда отшашу шоуы өтеді.

Айта кету керек, бұған дейін  Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу