Ипотека бойынша жаңа шекті мөлшерлеме 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі

586

Енді банктер ипотека бойынша пайызды бәріне бірдей емес, әр адамның бастапқы жарнасына қарай қояды.    

Ипотека бойынша жаңа шекті мөлшерлеме 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі Фото: gettyimages.com

Қазақстанда ипотекалық несие бойынша мөлшерлемені анықтау ережесі өзгереді. Енді ипотекалық несие бойынша шекті пайыздық мөлшерлеме алғашқы жарнаның көлеміне байланысты болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда "Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" қаулы қабылданды. Жаңа ереже 2027 жылдан бастап күшіне енеді.

Қаулыда ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық сыйақының тиімді мөлшерлемесінің (ЖСТМ) шекті мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап LTV коэффициентіне (кредит сомасының кепіл құнына қатынасы) байланысты белгілеу көзделген:

  • Егер сіз үйдің кемінде 30%-ын өзіңіз төлей алсаңыз (яғни бастапқы жарна көп болса), онда ипотеканың пайызы 20%-дан аспайды.
  • Ал егер бастапқы жарна аз болса (30%-дан төмен), онда пайыз жоғары болады. 25%-ға дейін жетпек.

2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖСТМ-нің қолданыстағы шекті мөлшері 25 пайыз деңгейінде сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу