Тегерандағы имам Хаменеи атындағы үлкен мешітте қаралы рәсімге дайындықтың соңғы жұмыстары жүруде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысымен қоштасу ауқымды түрде ұйымдастырылмақ. Діни кешен аумағында марқұмның мәйіті қойылатын арнайы мінбер орнатылған және отбасы мүшелеріне арналған жеке аймақ та әзірленген.
Тегеранға қаралы рәсімге қатысу үшін 100-ге жуық шетелдік делегацияның өкілі келеді деп жоспарланған.
Жаза кетейік, Ислам республикасы тарихындағы ең ірі мемлекеттік жерлеу рәсімі 6 күнге созылады. Қоштасу іс-шаралары сенбіден бастап Иран мен Ирактың 5 қаласында өтеді.
Аятолла Әли Хаменеимен ресми қоштасу шамамен 4 ай өткен соң өткелі отыр. Ол жыл басында, яғни 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің алғашқы соққылары кезінде қаза тапқан болатын.
1939 жылы Мешхед қаласында дүниеге келген Әли Хаменеи 1981-1989 жылдары Иранда президентік қызмет атқарды. Кейіннен аятолла Рухолла Хомейнижан тапсырғаннан кейін, оны Сарапшылар кеңесі елдің Жоғарғы көшбасшысы қызметіне сайлады.