Иран АҚШ-пен ядролық келіссөздерден оң нәтиже күтеді

307

Тегеран соғыстың алдын алуға болады деп отыр.

Иран АҚШ-пен ядролық келіссөздерден оң нәтиже күтеді Фото: gazeta.ru

Иран АҚШ-тың шабуыл жасау қаупіне қарамастан, Вашингтонмен ядролық бағдарлама бойынша ортақ келісімге келуге сенім білдірді. Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, біз АҚШ-ты келіссөздер жүргізетін серіктес ретінде қарастыра алмаймыз. Бірақ аймақтағы достас елдер арқылы хабар алмасу келіссөздердің нәтижелі өтуіне мүмкіндік береді", – деді Аббас Аракчи CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, АҚШ-пен тікелей диалог сенімнің ең төменгі деңгейі қалпына келген жағдайда ғана мүмкін.

"Тікелей немесе жанама келіссөздер жүргізу – диалог жүргізудің формасы. Ең бастысы келіссөздердің мазмұны маңызды. Бізге сенім қажет. Толық сенім бәлкім ешқашан орнамайтын шығар, бірақ жоқ дегенде сенімнің ең төменгі деңгейі болуы тиіс", – деді Иранның Сыртқы істер министрі.

Бұдан бөлек ол ықтимал әскери қақтығысқа қатысты да пікір білдірді.

"Соғысты болдырмауға болады. Біз оған он екі күндік соғыс кезіндегіден де жақсы дайынбыз. Алайда дайындық соғысты қалаймыз дегенді білдірмейді. Біз соғыстың алдын алғымыз келеді", – деп атап өтті Аббас Аракчи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу