Иран АҚШ-тың айтқанымен жүрмейді және ядролық бағдарламадан бас тартпайды

728

Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Al-Araby al-Jadeed басылымына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Иран АҚШ-тың айтқанымен жүрмейді және ядролық бағдарламадан бас тартпайды Фото: armenpress.am

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың жалғасып жатқанына 12 күн болды. Тіпті, арасында АҚШ араласты.

– Біз бұл технологияға орасан зор қаржы мен күш жұмсадық. Ғалымдарымыз қаза тапты, халқымыз санкцияларға төзіп келеді, бізге соғыс та ашылды. Иранда ешкім бұл бағдарламадан бас тартпайды. Ол әрқашан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бақылауында болды, – деді Аббас Аракчи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу