Иран АҚШ-тың шабуылына қарамастан уран байытуды тоқтатпайтынын хабарлады

321

Иранның Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі АҚШ-тың Натанз және Фордо қалаларындағы зауыттарға жасаған шабуылына қарамастан, елдің уран байыту бағдарламасы тоқтатылмайтынын мәлімдеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Иран АҚШ-тың шабуылына қарамастан уран байытуды тоқтатпайтынын хабарлады Фото: Global Look Press

Reuters агенттігі келтірген мәлімдемеде Иран "елдің өндірістік дамуы тоқтамайды" деп нақты айтқан. Бұл тұста ядролық инфрақұрылым меңзеліп отыр.

"АҚШ-тың әрекеттерін халықаралық құқық пен Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың өрескел бұзылуы деп атаймыз. МАГАТЭ ұйымын үнсіздік пен әрекетсіздік танытты деп айыптаймыз", – деді агенттік. 

Бұған дейін АҚШ Иранның бірнеше ядролық нысандарына әуе соққыларын жасады.

Трамп операцияны "сәтті өтті" деп атады. Артынша АҚШ Иранның уран байыту нысандарын толықтай жойғанын мәлімдеп, халыққа үндеу жасаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу