Иран АҚШ заңсыз бұғаттаған ақшаның 50 пайызын бірден алғысы келеді

Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздерде бұғатталған қаражатты қайтару мәселесі күн тәртібінен түспей тұр.  

Иран АҚШ заңсыз бұғаттаған ақшаның 50 пайызын бірден алғысы келеді Фото: voennoedelo.com

Мұны Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Иран АҚШ-пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан соң шетелде бұғатталған активтерінің кемінде 50 пайызын бірден алуды жоспарлап отыр.

Гарибабади қалған қаржыны беру тәртібі мен мерзімі бойынша тараптардың әлі де келіссөз жүргізіп жатқанын растады.

Сыртқы істер министрінің орынбасары бұл мәселе АҚШ тарапынан қаржылық көмек немесе жаңа міндеттемелер туралы емес екенін айтты. Оның сөзінше, әңгіме АҚШ санкцияларына байланысты бұғатталған, десе де Иранға тиесілі қаражат турасында.

– Бұл – АҚШ-тың заңсыз бұғаттап тастаған Иранның ақшасы, – деді дипломат.

Сонымен қатар, ол шектеулер үшінші ел арқылы да қаражатты аударуға кедергі келтіріп отырғанына ашынды.

Осыған дейін АҚШ Иранның 6 млрд доллар көлеміндегі активтерін бұғаттан босатуға дайын екені хабарлады. Бұл қаражат 2023 жылы Доханың арағайындығымен АҚШ пен Иран арасындағы тұтқын алмасу келісімінен кейін Қатар банктеріне аударылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу