Иран халқы интернетсіз отыр

687

Бұл туралы NetBlocks хабарлады. 

Иран халқы интернетсіз отыр Фото: digitaltrends.com

Иран аумағындағы интернет-пайдаланушылардың белсенділігі 12 сағаттан бері ең төменгі деңгейде тұр. Бұл туралы NetBlocks интернет мониторингі қызметінің деректерінен белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AZERTAC агенттігіне сілтеме жасап.

"Иран 12 сағат бойы желіден ажыратылған. Интернетке қосылу деңгейі қалыпты жағдайға қарағанда шамамен 1%-ға дейін төмендеді", – делінген хабарламада.

Иранның ресми өкілдері шектеулер жоспарланғанын хабарламаған.

Өткен жылдың 29 желтоқсанында Тегеран орталығында риалдың күрт құнсыздануына байланысты наразылық акциясы басталды. Ислам Республикасы көшесі шерудің орталығына айналды. Fars агенттігінің жазуынша, наразылығын білдірген кәсіпкерлер әріптестерін дүкендерді жауып, қозғалысқа қосылуға үндеді. 30 желтоқсанда Тегеран университеттерінің студенттері нарызылыққа қосылды. 31 желтоқсанда белгісіз біреулер Фарс провинциясына қарасты Фес қаласының әкімшілік ғимаратына шабуыл жасады.

Айта кету керек, бұған дейін Иран ақшасы құнсызданып жатқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу