Иран мен АҚШ-тың пікірі кезекті рет бір жерден шықпады

Бұған дейін Пәкістанның арағайындығымен Вашингтон мен Тегеранның соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланды.

Иран мен АҚШ-тың пікірі кезекті рет бір жерден шықпады Фото: shutterstock

Бірақ, Иран ұсынысты талқылаудан бас тартып, бейбітшілік тек өз шарты орындалса ғана мүмкін екенін мәлімдеп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еске салайық, Трамп Иранға 15 тармақтан тұратын бейбіт жоспар ұсынған еді.

Иранның шарттарына арасында "агрессия мен кісі өлтіруді" толық тоқтату, соғысты қайта бастамауға кепілдік беру, Иранға өтемақы мен репарация төлеу, қарулы қақтығыстың бәрін тоқтату және Ормуз бұғазын Иран бақылайтынын мойындау кіреді. Бұл туралы бірнеше күн бұрын жарияланған "Иран соғысты тоқтатудың 3 шартын жариялады" материалында жазылды.

The Wall Street Journal мәліметінше, осыған дейін Тегеран аймақтағы АҚШ базаларын жабуды, санкцияларды алып тастауды, Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алуға рұқсат беруді, өзінің ядролық бағдарламасын жалғастыруды және Ливандағы одақтасы "Хезболла" тобына Израильдің шабуылдарын тоқтатуды талап етті. Десе де, АҚШ оларды орындамайтынын айтып, оны "жөнсіз талап" деп атаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу