Осылайша, ел билігі АҚШ президенті Дональд Трамптың ультиматумына жауап қатып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Егер АҚШ-тың Ирандағы электр станцияларға қатысты қауіптері жүзеге асса, онда Ормуз бұғазы толық жабылады және біздің бұзылған электр станцияларымыз қалпына келтірілгенше ашылмайды, – делінген ресми мәлімдемеде.
Еске салайық, Иран Ормуз бұғазын АҚШ пен Израиль соғысы басталғаннан соң жапты. Негізінен, аталған бұғаз арқылы бұрын әлемдік мұнай экспортының шамамен 20%-ы өтетін.
Қазіргі уақытта мұнай бағасы күрт өсті. Десе де, бұл – Тегеран жариялаған блокаданың жалғыз салдары емес.
Ормуз бұғазы әлемдік теңіз арқылы тыңайтқыш саудасының шамамен үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді. БҰҰ осы кезде-ақ жеткізілімдегі үзілістер азық-түлік бағасының қымбаттауына және кей аймақтарда тіпті үлкен тапшылыққа әкелуі мүмкін екенін қатаң ескертуде.
Соғыс басталғалы әртүрлі тыңайтқыш түрінің биржалық бағасы 10-30% артты. Бұл көктемгі егістікке дейінгі кезеңде тіркеліп отыр, яғни тыңайтқышқа сұраныс өте жоғары кезде. Ресей, Қытай, АҚШ және Марокко сияқты ірі өндірушілердің резервтік қуаттары бұл тапшылықты толық өтей алмайтыны белгілі. Сондықтан, Ормуз бұғазының толық жабылуы көптеген елге ауыр соққы болады деп болжануда.