Иран ядролық бағдарламаны жалғастыра беруді көздейді

Бұл туралы Тегеранда Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістанның жоғары лауазымды өкілдерімен кездесуде айтылды.

Иран ядролық бағдарламаны жалғастыра беруді көздейді Фото: ЖИ

ТАСС басылымының жазуынша, Тегеран ядролық қару жасауға ұмтылмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Десе де, Иран президенті Масуд Пезешкиан ядролық бағдарламасын халықаралық құқыққа сәйкес дамытуды жалғастыратынын жария етті. 

Ол Иранның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы ел екенін атап өтіп, ядролық қызметін халықаралық құқықта көзделген құқықтары мен міндеттері аясында жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Президенттің сөзінше, Иран ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану құқығын сақтап қалуға ниетті және халықаралық қауымдастық осы құқықты құрметтейді деп үміттенеді.

Масуд Пезешкиан ядролық бағдарламаны қысым көрсетуге, қорқытуға және ядролық нысандарға соққы жасауға сылтау ретінде пайдаланатын тәсілді сынға алады. 

Қазіргі уақытта келіссөз жүргізуге дайындық туралы мәлімдемелер жасалып жатса да, Иранға қарсы әскери әрекеттер тоқтамай тұр. Мұндай саясат сенімге нұқсан келтіріп, Иран халқы мен билік өкілдерінің арасындағы сенімсіздікті күшейте түспек. 

Кездесуге Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Халед бен Салман Әл Сауд, Пәкістан қорғаныс күштерінің қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир және Түркияның Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калын қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу