Ирандықтар АҚШ-та емес, Мексикада доп тепкісі келеді

Бұған дейін ел билігі жаһандық додаға қатысты өте маңызды мәлімдеме жасаған болатын.

Ирандықтар АҚШ-та емес, Мексикада доп тепкісі келеді Фото: bbc.com

Енді Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантино да осы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Иран құрамасы топтық кезеңдегі матчтарының барлығын (Жаңа Зеландия, Бельгия және Мысыр құрамаларына қарсы) АҚШ аумағында өткізуі керек. Десе де, олар қауіпсіздік мәселесіне алаңдап, ойындарды Мексикаға ауыстыруды сұраған.

FIFA басшысы бұл мәселе бойынша нақты ұстанымын байқатып отыр. 

– Біз шынайы өмірде өмір сүріп жатырмыз және Иран құрамасының жағдайы қаншалықты күрделі екенін түсінеміз. Соған қарамастан біз олардың әлем чемпионатындағы ойындарын барынша қолайлы жағдайда өткізу үшін жұмыс істейміз. Бізде B, C немесе D деген жоспар жоқ, тек А жоспары бар.

Қазіргі геосаяси жағдайдың күрделі екенін білеміз, өкініштісі оны шешу біздің қолымызда тұрған дүние емес. Бірақ, біз адамдарды біріктіріп, бейбітшілік пен мереке атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік жасай аламыз, – деді Инфантино.

Осыған дейін АҚШ Иранды бәсекеге ашық шақырып, жарысқа қатысуға болатынын мәлім еткен-ді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу