Иранға қарсы әскери операция тек бір жағдайда ғана аяқталуы мүмкін – Трамп

Америка президентінің бұл туралы ой-пікірін Report агенттігі жазды.  

Иранға қарсы әскери операция тек бір жағдайда ғана аяқталуы мүмкін – Трамп Фото: AP Photo / Mark Schiefelbein

Онда Дональд Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы алға қойған мақсаттарға жеткенше жалғасатынын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Біз жұмыс аяқталмайынша кетпейміз. Бұл өте жылдам болады, – деді ол.

Америка көшбасшысы соңғы 11 күнде АҚШ күштері "Иранды іс жүзінде жойды" деп мәлім етті. Сонымен қатар, Иранда енді радарлар мен әуе қорғанысы жоқ екенін жеткізді. 

Трамп Тегеран ұшырған зымыран мен дрондардың саны қақтығыстың алғашқы күндерімен салыстырғанда 85-90%-ға қысқарғанына да тоқталды. Мұнан өзге, Иран әскери-теңіз күштерінің 58 кемесі жойылғаны сөз болған. 

Әскери сарапшылар да әрдайым "АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы қандай жағдайда аяқталуы мүмкін?" деген сұраққа жауап іздеп келеді. 

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Иранға қарсы соққылардың қарқынын күшейтетінін ескерткен еді.

– Егер Иран Ормуз бұғазындағы мұнай ағынын тоқтататын кез келген шара қолданса, АҚШ оған бұрынғыдан 20 есе қатты соққы береді, – деп қорқытты ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу