Иранға жасалған соққылардан соң мұнай бағасын төмендету мүмкін болмай тұр

Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 110 долларға жеткен. 

Иранға жасалған соққылардан соң мұнай бағасын төмендету мүмкін болмай тұр Фото: canva

Euronews бұл мәселе Ирандағы ең ірі газ кен орны мен тағы бір мұнай объектісіне Израиль жасаған соққыдан кейін туындағанын жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы сәрсенбіде Иран мемлекеттік БАҚ-тары да мәлім етті. Олардың жазуынша, елдегі ең ірі газ кен орны "Оңтүстік Парс" және Асалуйедегі мұнай объектісінің зардап шегуінен соң Brent маркалы мұнайдың бағасы 110 долларға дейін көтерілген. 

Америкалық стандартты мұнай WTI бағасы да бой бермей тұр, материал дайындалған сәтте барреліне 98 доллардан сатылған.

Израильдің тағы бір шабуылына жауап ретінде КСИР Персид шығанағындағы бірнеше энергетикалық нысанды заңды мақсат ретінде қайта қарауға алынғанын хабарлады.

Таяу Шығыстағы қақтығыстың одан әрі өршуі мен ұзаққа созылуы энергия инфрақұрылымының зақымдануына әкеліп соқты. Салдарынан әлемдік нарықта бұзылыстар туғызуы мұнай бағасын қайтадан өсіріп жатыр. 

Сауд Арабиясы 13 наурызда өзінің ең ірі мұнай өңдеу зауыты Рас-Танур қайта жұмысын бастағанын растады. 

Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі Джонс заңының (жүз жылдан астам уақыт бұрын қабылданған заң, оған сәйкес АҚШ порттары арасындағы жүктерді тек американдық кемелермен, америкалық мүлікпен, американдық туымен және экипажымен тасымалдауға шектеу салатын) 60 күнге уақытша қолданылмайтынын ресми түрде жариялаған болатын. 

Десе де, шиеленістің күшеюі мен мұнай инфрақұрылымына жаңа шабуылдар бағаны төмендетуге еш мүмкіндік бермеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу