Иранның АҚШ пен оның одақтастарына қанша соққы жасағаны белгілі болды

Анадолу агенттігінің мәліметінше, шабуылдаған нысандардың басым бөлігі Парсы шығанағында орналасқан. 

Иранның АҚШ пен оның одақтастарына қанша соққы жасағаны белгілі болды Фото: © Sputnik / Виталий Невар

Тегеран 28 ақпаннан бері 7 араб еліндегі америкалық базалар мен стратегиялық нысандарға кемінде 5 471 зымырандық және ұшқышсыз аппарат арқылы соққы жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Зардап шеккен елдердің қорғаныс министрліктері мен ақпарат орталықтарының мәліметтерін жинаған Анадолы тілшісі ең көп соққы Біріккен Араб Әмірліктеріне жасалғанын жазады. 

Аталған елдің қорғаныс министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде шабуылдар басталғалы БАӘ-нің әуе қорғаныс жүйелері 414 баллистикалық зымыранды, 15 қанатты зымыранды және 1 914 ұшқышсыз ұшу аппаратын қағып түсіргені айтылған. 

Ал Кувейт үкіметі 309 баллистикалық зымыран мен 616 ұшқышсыз аппарат залалсыздандырылғанын хабарлады. 

Сол секілді Бахрейн қорғаныс күштерінің бас қолбасшылығы елдің әуе қорғаныс жүйелері 174 зымыран мен 391 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойған.

Қатар қорғаныс министрлігі ел аумағына 206 баллистикалық зымыран мен 93 ұшқышсыз аппарат жіберілгенін айтты. 

Иордания армиясының дерегінше, АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс кезінде ел аумағына 262 зымырандық және ұшқышсыз соққы жасалған. 

Сауд Арабиясы қорғаныс министрлігі ел аумағына кемі 52 зымыран мен 1 006 ұшқышсыз аппарат бағытталғанын хабарлап отыр. 

Тиісінше, Оман сұлтандығы өз аумағына 19 ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалғанын растады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу