Іргелес елде 50 жылдан асқан ескі көліктерді мінуге тыйым салынбақ

320

Қазір бұл ұсыныс талқылауға шығарылды. 

Іргелес елде 50 жылдан асқан ескі көліктерді мінуге тыйым салынбақ  Фото: Gazeta.uz

Өзбекстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 50 жылдан асқан көліктерді пайдалануға және қайта тіркеуге тыйым салынуы мүмкін. ІІМ Үкімет қаулысының жобасын жария талқылауға ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, мұндай көліктер мемлекеттік тіркеуден алынбақ. Бұл талап "антиквариат" деп танылғандарға қатысты болмауы мүмкін.

Құжатта республикада 5,2 миллионнан астам көлік тіркелгені, олардың 87,6 мыңы жарты ғасыр бұрын шығарылғандығы туралы жазылған.

Өзбекстанның ІІМ мұндай көліктер қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға сай келмейді деп отыр. Сонымен қатар зиянды заттарды 30%-ға артық бөлетіні де көрсетілген. Осындай көліктердің 139 заңсыз мемлекеттік нөмір қолдану фактісі анықталған.

2024-2025 жылдары бұл елде 50 жылдан асқан көліктердің қатысуымен 67 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 23 адам көз жұмған. Құжатта ескі көліктерді кезең-кезеңімен тіркеуден шығару ұсынылған.

Өзбекстан бұл бағытта шетел тәжірибесін де зерделеген.

Қоғамдық талқылау 11 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу