Ирина Юнусметова әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

172

Қазақстандық мерген 537 ұпай жинады.

Ирина Юнусметова әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық мерген Ирина Юнусметова Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз 50 метр қашықтықтан тапаншамен нысана көздеу сайысында 537 ұпай жинап, үздік үштіктің қатарына енді.

Алтын медаль 546 ұпай жинаған Түркия өкілі Севваль Илайда Тарханға бұйырса, күміс жүлдені 542 ұпаймен Армения спортшысы Эльмира Карапетян иеленді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу