ІРО: акцияны қайдан және қалай сатып аламыз?

2320

"Қазпоштаның" 1 мың бөлімшесі өтінім қабылдауды бастады. 

ІРО: акцияны қайдан және қалай сатып аламыз? Фото: dknews.kz

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы акцияларының бір бөлігін ІРО-ға шығарғаны мәлім. Оны кез келген қазақстандық сатып ала алады. Алайда қоғамда "ІРО-ны сатып алу жолдары нақты көрсетілмеген" деп дабыл қағып жатқандар да жоқ емес. Сондықтан біз осы мәселеге егжей-тегжей тоқталуды жөн көрдік.

Ұлттық компанияның акцияларын сатып алуға өтінім беру 9 қарашада басталды. Өтінім беру жеке инвесторлар үшін 2 желтоқсанға дейін, ал институционалды инвесторлар үшін 30 қарашаға дейін жалғасады. Демек, бұқара халықтың 2 желтоқсанға дейін өтінім беруге мүмкіндігі бар. Бұл жерде жеке инвестор дегеніміз – еліміздің кез келген тұрғыны. Яғни, 18 жастан асқан ел азаматтарының бәрі ІРО-ға қатыса алады.

Ал өтінім беру үшін "Қазпоштаның" бөлімшелеріне бару керек, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. Ел бойынша ұлттық пошта операторының 1 мың бөлімшесі өтінімдерді қабылдауға әзір. Айтпақшы, ІРО-ға қатысты өтінім қабылдайтын бөлімшелердің тізімі "Қазпоштаның" ресми сайтының "Инвестициялар" деген бөлімінде тұр. Сол жерге өтіп, танысуға болады. Бұл ІРО-ны сатып алуға өтінім берудің бірінші жолы.

Екінші жол сәл жеңілдеу. Өйткені, ешқайда барудың қажеті жоқ. Телефоныңызға Tabysapp қосымшасын жүктеп алып, сауданы әрі қарай жалғастыра бересіз.

Айтпақшы, берілген өтінімді 2 желтоқсанға дейін өзгертуге немесе одан бас тартуға болады.

Өтінімдер қабылданып болған соң, акция иесі өтінімдерді мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Егер ешқандай кедергі туындамаса, акция шамамен 7 желтоқсанға қарай шотыңызға түседі.

ІРО-ға қатысты сұрақтарға жауап беру үшін жедел желі (8 (800) 004 03 15) жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Еске сала кетейік, "ҚазМұнайГазға" 551 698 745 акция тиесілі. Ұлттық компаниясына осының 30 505 974-сін ІРО арқылы сатпақ. Бұл акциялардың жалпы санының шамамен 5 пайызына тең.

ІРО-ға шығарылған 1 акцияның бағасы – 8 406 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу