"Ішінде 181 жолаушысы болған": Қырғызстанда ұшақ ұшқалы жатқанда апатқа ұшырады

120

Барлық жолаушылар ұшақтан тез арада эвакуацияланды.

"Ішінде 181 жолаушысы болған": Қырғызстанда ұшақ ұшқалы жатқанда апатқа ұшырады Фото: Кабар

Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайында TezJet ұшағының қатысуымен төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың артқы шассиі ұшу кезінде істен шығып, ұшақ сол қанатына еңкейіп, ұшу-қону жолағына құлап түскен.

– Авиаотын төгілді, өрт сөндіру қызметі оқиға орнында, – деп атап өтті әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Бортта 181 жолаушы (152 ересек, 11 жасөспірім және 18 бала) және алты экипаж мүшесі болғаны хабарланды. Барлық жолаушылар ұшақтан тез арада эвакуацияланды. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алғандар болған жоқ.

– Бірнеше адам жеңіл жарақат алды, фельдшерлер әуежай терминалының бірінші қабатында, Ош секторының келушілер аймағында алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр.
Өрт сөндірушілер мен әуежайдың төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта "Манас" халықаралық әуежайындағы барлық рейстер уақытша тоқтатылды, – деп атап өтті компания.

Қырғызстан Республикасының Азаматтық авиация жөніндегі мемлекеттік агенттігі де апаттың себебі мен мән-жайын тексереді.

"Манас" халықаралық әуежайы кешкі сағат 22:00-ге дейін жабық болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу