Ислам Чесноков "Хартс" сапында алғашқы голын соқты

117

Ислам Чесноковтың голы командасына үш ұпай сыйлады. 

Ислам Чесноков "Хартс" сапында алғашқы голын соқты

Қазақстандық футболшы Шотландия чемпионаты аясындағы матчта қатарынан үшінші рет негізгі құрамда алаңға шықты. Бірінші таймның соңында Ислам Чесноков "Фалкирк" қақпасын дәл көздеп, кездесудегі жалғыз әрі шешуші голдың авторы атанды. Есеп 1:0.

Бұл матчта Ислам "Хартс" сапында алғаш рет толық 90 минут ойнады.

28 турдың қорытындысы бойынша "Хартс" 60 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап келеді. Команданың "Рейнджерстен" басымдығы бес ұпайды құрайды. Алайда басты қарсыластың бір ойыны кем.

"Хартстың" келесі ойыны 28 ақпанда өз алаңында "Абердинге" қарсы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу