Ислам Чесноков Шотландия тарихындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанбақ

448

3 қаңтар күні түнде Ислам Чесноков Эдинбургке жетті. 

Ислам Чесноков Шотландия тарихындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанбақ Фото: kazfootball.kz

Ислам Чесноков "Хартс" клубымен келісімшартқа қол қою үшін Эдинбургке барды. Вингер алдымен Лондонға ұшып, одан кейін Шотландияға аттанған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қазақстандық ойыншы 13 желтоқсанда алаңға шығуы мүмкін. "Хартстың" бас бапкері Дерек Маккиннес Исламның жақын күндері команда сапына ресми тіркелетініне сенімді.

"Чесноковты командаға, жаттығу процесіне қосатынымызға қуаныштымыз. Ол сенбідегі матчты стадионнан тамашалайды. Бірақ, ойынға қатыспайды. Құжат рәсімдеу жұмыстары келесі аптаның басында аяқталса, ол келесі жексенбіде "Дандиге" қарсы кездесуге дайын болады", – деді Маккиннес.

Қазіргі таңда "Хартс" 19 турдан кейін 41 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. "Селтик" 38 ұпаймен екінші орында келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу