Ислам Чесноковтың шотландиялық клуб сапында қанша жалақы алатыны белгілі болды

150

Бүгін Ислам Чесноков шотландиялық клуб сапында қосалқы құрамда болды. 

Ислам Чесноковтың шотландиялық клуб сапында қанша жалақы алатыны белгілі болды

Таяуда Қазақстан құрамасының футболшысы Ислам Чесноков шотландиялық "Хартс" клубының ойыншысы атанды. Ол Эдинбург ұжымына еркін агент ретінде қосылды. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт екі жылға есептелген.

Талдаушы Никита Васюхиннің дерегінше, Чесноковтың "Хартстағы" айлық жалақысы шамамен 12 мың фунт стерлингті, яғни 8 миллион теңгеге жуық соманы құрайды.

Айта кетейік, бүгін 11 қаңтар Шотландия Премьер лигасының көшбасшысы "Хартс" сырт алаңда "Дандиге" қарсы аса қиын матч өткізіп, 1:0 есебімен жеңісті жұлып алды. Матч қонақтар үшін сәтті басталды. Клаудио Брага есеп ашты. Алайда бірінші таймның соңында "Хартс" қақпашысы Александр Шволов айып алаңының сыртында ереже бұзып, тікелей қызыл қағаз алды.
Дәл осы оқиға қазақстандық жанкүйерлер күткен сәтке кедергі келтірді.

"Хартстың” жаңа ойыншысы Ислам Чесноков бұл кездесуде дебют жасауы тиіс еді. Бірақ команданың бір адаммен кем қалуы Дерек Макиннесті тактиканы өзгертуге мәжбүрледі. Қорғанысты күшейту мақсатында бапкер Чесноковты алаңға шығармады.

Енді Ислам Чесноковтың дебюті кем дегенде 14 қаңтарға дейін кейінге қалдырылды. Бұл күні "Хартс" өз алаңында "Сент-Мирренді" қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу