2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Ислам Сәтпаев Азиадада қола медаль иеленді

248

Сәтпаев финалда 348,3 ұпай жинады.  

Ислам Сәтпаев Азиадада қола медаль иеленді Фото: olympic.kz

Қазақстандық мерген Ислам Сәтпаев Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында нысана көздеуден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәтпаев 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан жекелей сайыстың финалында 348,3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Алтын медальді Қытай өкілі Чжан Чанхун 360,5 ұпаймен жеңіп алса, күмісті оның отандасы Лю Юйкунь 360,2 ұпаймен иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу