Ислам Сәтпаев Азия чемпионы атанды

385

16-30 тамыз күндері Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтуде. 

Ислам Сәтпаев Азия чемпионы атанды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 10 метрге пневматикалық винтовкадан ату жарысында алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол 250,1 ұпай жинап, қытайлық Лу Динкэ (249,8) мен оңтүстіккореялық Пак Хаджунды (228,7) артта қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқа Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Қатар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сынды 26 елден келген 800-ден астам спортшы қатысуда.

Жасөспірімдер, жастар және ересектер Shymkent Shooting Plaza кешенінде тапанша, винтовка, жылжымалы нысана және стенд ату бойынша жекелей және командалық жарыстарда бақ сынауда. Барлығы 700-ден астам медаль сарапқа салынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу