Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында нысана көздеуден финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сәтпаев 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан іріктеу кезеңінде 584 ұпай жинап, финалға өтті. Оның командаластары Константин Малиновский 583 ұпаймен 13-орын, Никита Шахторин 579 ұпаймен 20-орын алды.
Іріктеу нәтижелері командалық есепке де енгізілді. Қазақстан құрамасы 1746 ұпаймен бесінші орынға жайғасты. Қытай бірінші, Үндістан екінші, Оңтүстік Корея үшінші орын алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу