Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 9-шы алтын түсті

274

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 34 медаль бар: 9 алтын, 12 күміс және 13 қола. 

Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 9-шы алтын түсті Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ислам ынтымақтастығы ойындарында жалпы командалық есепте құрамамыз әзірге – 4-орында.

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды.

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты. Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

Түркия өкілі Дефне Таниг 2-орынға ие болды – 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді – 1:02.42.

Әділбек Мусин дәл осы қашықтықта ерлер арасында күміс медаль иегері атанды. Ал алтынды өзбекстандық Эльдорбек Усмонов жеңіп алды.

Қазақстанның ерлер командасы да күміс жүлдеге қол жеткізді. Эстафетаның 4×100 метр еркін жүзу түрінде Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамұратов және Глеб Коваленя 2-орынды иеленді.

Бұл сайыста Түркия жеңімпаз атанса, Өзбекстан 3-орынға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу