Исламбек Қуат Ресей біріншілігіне ауысты

3422

Орынбор қаласының "Оренбург" футбол клубы Исламбек Қуатпен келісім-шарт жасасты. 

Исламбек Қуат Ресей біріншілігіне ауысты

31-қаңтар күні Исламбек Қуаттың "Қайрат" футбол клубымен келісімі ресми түрде аяқталды. Ал 1-қаңтардан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы "Оренбург" клубының футболшысы атанды. 

Исламбек Қуат осыған дейін "Ақтөбе", "Астана", "Оқжетпес" командаларында өнер көрсетті. Биыл ол алматылық "Қайрат" сапында 26 ойын өткізіп, 13 рет сары қағаз алыпты. Ал ұлттық құрама сапында ол негізгі ойыншылардың бірі. Исламбектің Латвия қақпасына соққан голының арқасында Түркия құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алған болатын. 

"Оренбург" командасы мен "Қайрат" футбол клубтарының арасында трансферлік байланыс бар. Осыған дейін Ресей біріншілігінде ойнайтын бұл клубтан шабуылшы Самат Сәрсенов "Қайрат" командасына ауысты. Сонымен қатар, кезінде "Қайратта" ойнаған Джордже Деспотович қазіргі таңда "Оренбург" командасының негізгі сұрмергені. Енді міне, қос команда арасында тағы бір футболшы трансфері тіркеліп отыр. Жарты миллионнан астам тұрғыны бар Орынборда қазақ ұлысының да біршама бар екенін білеміз. Ал футбол клубы қазір Ресей премьер-лигасында 14-орында келе жатыр. 28-ақпан күні "Оренбург" "Крылья Советов" командасымен кездеседі. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу