Исландияның сыртқы істер министрі Криструн Фростадоуттирдің айтуынша, тиісті ұсыныс келесі аптада Парламент қарауына енгізіледі. Ал Еуропалық комиссия бұл бастаманы қолдайтынын мәлімдеді.
Ұйымның баспасөз хатшысы Маркус Ламмерт Исландияның Еуроодақ үшін маңызды әрі сенімді серіктес екенін атап өтті. Оның сөзінше, екі тарап арасындағы ынтымақтастық қазірдің өзінде берік әрі жан-жақты дамып келеді.
Исландия Еуропалық Одаққа мүшелікке өтінімді 2009 жылы халықаралық қаржы дағдарысы арал экономикасына айтарлықтай соққы берген тұста тапсырған. 2010 – 2013 жылдары өткен келіссөздер барысында 33 келіссөз тарауының 11-і жабылды. Алайда 2015 жылы Исландия үкіметі келіссөздерден шығу туралы шешім қабылдаған.