Испания 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысудан бас тартуы мүмкін. Егер турнирге Израиль құрамасы қатысатын болса, Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы премьер-министр Санчес бастаған ел үкіметі хабарлады.
Бұған дейін Испания Израиль байқаудан шеттетілмесе, "Евровидение-2026" ән байқауына да қатыспайтынын жариялаған еді. Испан билігінің пікірінше, израильдік өкілдер Газа секторындағы әскери әрекеттеріне байланысты барлық спорттық және мәдени шаралардан шеттетілуі тиіс.
Айта кетейік, Испанияның футбол құрамасы 2010 жылғы әлем чемпионы әрі Еуропаның төрт дүркін жеңімпазы (1964, 2008, 2012, 2024 жыл).