Испания Еуропа чемпионатында 4 мәрте жеңіске жеткен алғашқы құрама атанды

478

Айта кетсек, Испания құрамасы 14 шілдеде финалда Англияны 2:1 есебімен сүріндірді.

Испания Еуропа чемпионатында 4 мәрте жеңіске жеткен алғашқы құрама атанды Фото: Lars Baron/Getty Images

Испания футболдан Еуропа чемпионатында 4 мәрте жеңімпаз атанған алғашқы құрама болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған құрама бұған дейін 1964, 2008, 2012 жылдарда құрлықтық додада жеңімпаз болған еді. Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін барлығы 10 құрама құрлықтық додада алтыннан алқа тақты.

Қазірге дейін Испания - 4 (1964, 2008, 2012, 2024), Германия -3 (1972, 1980, 1996), Италия - 2 (1968, 2020), Франция - 2 (1984, 2000), Португалия -1 (2016), Грекия -1 (2004), Дания -1 (1992), Нидерланд -1 (1988), Чехословакия -1 (1976), КСРО -1 (1960) жеңіс тұғырына көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу