Бұл жолы Н тобындағы екінші тур аясындағы ойында Уругвай мен Кабо-Верде кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Матчтың 21-минутында Кабо-Верде құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин Ленини ғаламат соққы жасап, есеп ашты. Десе де, уругвайлықтар бірінші таймның соңына таман таразы басын теңестіріп қана қоймай, таблодағы көрсеткішті өз пайдаларына өзгертті. 44-минутта Максимилиано Араухо көзге түссе, қосымша уақытта Агустин Каноббио допты қақпа торында тулатты.
Ойынның екінші бөлігінде Кабо-Верде сапынан Элио Варела 61-минутта есепті теңестірді. 68-минутта Максимилиано Араухоның тағы бір голы VAR тексерісінен соң есепке алынбады.
Екі турдан кейін Уругвай да, Кабо-Верде де 2 ұпайдан жинады. Топтық кезеңнің соңғы турында Уругвай Испанияға қарсылас атанса, Кабо-Верде Сауд Арабиясымен өзара мықтыны анықтайды.
Бұған дейін Кабо-Верденің Испания құрамасымен тең тарқасқанны жаздық.
Мұнан бөлек, осы ойыннан соң Кабо-Верденің 40 жастағы қақпашысы санаулы сағатта әлемдегі ең танымал адамға айналған еді.