Italian Open: Рыбакина Путинцевамен алғаш рет кездеседі

1188

Екі қазақстандық теннисші 1/4 финалға жолдама алу үшін сынға түседі.

Italian Open: Рыбакина Путинцевамен алғаш рет кездеседі

Италия астанасы Римде өтіп жатқан, жүлде қоры 2 миллион долларды құрайтын Italian Open турнирінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Әлемнің 16-ракеткасын жеңді. Енді ол келесі айналымда Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі.

Әлемдік рейтингте 30-орын иеленетін Путинцева Internazionali BNL d'Italia жарысының 2-айналымында хорватиялық Петра Мартичпен кездесті. 1-партияда 6:3 есебімен қазақстандық теннисші жеңіске жетті. Екінші партияда да Путинцева 5: есебімен алда келе жатқанымен, тай-брейкте 6:7 есебімен қарсыласына жол берді. Шешуші 3-сетте Юлия  6:4 есебімен хорватиялық теннисшіні ұтты.

Үш сағатқа созылған кездесуде Мартич 1 эйс және 6 брэйк жасады. Ал допты ойынға қосу барысында 5 рет қателікке жол берді. Путинцева 8 брейк-пойнтты сәтті пайдаланып, 3 рет қосарланған қателікке жол берді. Кездесу есебі 2:0.

Естеріңізге сала кетсек, 1/8 финалда Әлемдік рейтингте 18-орында келе жатқан Елена Рыбакина екі партияға созылған кездесуде Әлемнің 47-ракеткасы Мари Боузкованы 7:5, 7:6 (7:3 тай-брейкте) есебімен жеңіп, 3-айналымға жолдама алған болатын. 2 сағат 27 минутқа созылған кездесуде 21 жасар Рыбакина бес брейк, 4 эйс жасады және допты ойынға қосу барысында 6 рет қателіктерге жол берді. 22 жасар Боузкова қосарланған қателіктер жібермеді. Бұған дейін екі теннисші кездесу өткізген емес. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу