Бұл елдер өздерінің әуе кеңістігі мен әскери инфрақұрылымын пайдалануға шектеу қойған.
Австрия билігі бұл шешімді елдің бейтарап саясатына сүйене отырып қабылдаған. Вице-канцлер Андреас Баблер Австрияның қақтығысқа араласуға ниеті жоқ екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, үкімет аймақтағы шиеленістің ушығуына қарсы және мүмкін болатын энергетикалық дағдарыстың алдын алуға тырысады.
Ал Италия да АҚШ-қа өз әскери инфрақұрылымын пайдалануға рұқсат бермеген. Әңгіме Сигонелла әскери базасы туралы болып отыр. БАҚ мәліметінше, америкалық әскери ұшақтар әуеде ұшып келе жатып, қонуға рұқсат сұраған. Алайда италиялық тарап алдын ала келісімнің болмауына байланысты бұл өтінішті қабылдамаған.
Бұл шешімді Италияның Қорғаныс министрлігі қабылдағаны белгілі болды. Сондай-ақ, Риммен қажетті келіссөздердің алдын ала жүргізілмегені атап өтілді.
Жалпы, аталған елдердің ұстанымы – қақтығысқа тікелей араласпау және жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеу.