Иван Маевский: "Манчестердің" жастары талантты

2536

"Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы ойынның алдында Иван Маевский баспасөзге сұқбат берді. 

Иван Маевский: "Манчестердің" жастары талантты

 –  Біздің футбол ойнамағанымызға біраз болды. Біріншілік аяқталғалы бері осы матчқа дайындалып жатырмыз. "Манчестер Юнайтед" секілді команда күнде келе бермейді. 

–  "Манчестер Юнайтедті" қыспаққа алуға шамаларыңыз жете ме?

- Біздің командада өз құрамаларында ойнаған футболшылар бар. Дегенмен мәселе туындамайды. Біз бұл матчта барымызды саламыз. 

–  "Манчестер Юнайтед" 18-19 жастағы жігіттермен келіп отыр. Демек "Астананы" фаворит деп санауға бола ма?

– Алаңға шығып, жеңіске жетсең, онда ойынның фавориті екеніңді дәлелдегенің. Олардың жастарының өзі талантты. Егер "Манчестерде" ойнасаңыз ондай жай футболшы болмағаныңыз. Демек, жастар өте талантты деген сөз. 

–  Ойынға Томасов қатыспайды екен. Ол қалай әсер етеді?

–  Біздің командада алмастыруға болмайтын футболшы жоқ. Барлығының орнын жоқтатпай ойнай аламыз. 

Ермұхамед Мәулен 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу