Израиль Газа секторына қайтадан шабуыл жасады

479

ЦАХАЛ әскери дайындық деңгейін арттырған.

Израиль Газа секторына қайтадан шабуыл жасады Фото: Mohammed Salem/Reuters

Израиль әскері Газа секторына қайтадан әуе және артиллериялық соққылар жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Израиль 2025 жылғы 10 қазанда жасалған атысты тоқтату келісімінің шарттарын бұзуды жалғастырып келеді. Куәгерлердің сөзінше, израильдік әскери ұшақтар эксклавтың Рафах қаласының шығыс аудандарын атқылаған. Бұл – Мысырмен шектесетін ең оңтүстіктегі елді мекен.

Әскери техника Хан-Юнус қаласының шығыс бөлігіне соққы жасады, ал әскери-теңіз күштері қаланың жағалау аймағына оқ жаудырған.

Сектордың әкімшілік орталығы – Газа қаласындағы бірнеше аудан да бір мезетте шабуыл астында қалды.

Атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен бері Израильдің шабуылдары салдарынан 612 палестиналық көз жұмды. Тағы 1640 адам жарақат алған.

Израиль армиясы 2023 жылғы 8 қазанда  Газа секторына жаппай соққылар бастаған болатын. Екі жылға созылған шабуыл салдарынан аймақта азаматтық инфрақұрылымның 90 пайызы бүлінген. Бұл кезеңде 72 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 171 мыңнан астамы жараланды.

Анадолы агенттігінің жазуынша, Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың саны 9,3 мың адамнан асқан. Олардың ішінде 66 әйел, 350 бала және әкімшілік қамауда отырған 3358 адам бар. Ал израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, Израиль палестиналықтарға қысымды күшейту мақсатында әскери дайындық деңгейін арттырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу