The Times of Israel басылымының жазуынша, зымырандық шабуыл Израильдің Ливан аумағына жасаған әуе соққыларына жауап ретінде жүзеге асырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қауіпсіздік мақсатында Израильдің бірқатар өңірінде мектептердегі сабақтар уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар ашық алаңдарда 200 адамнан, ал жабық орындарда 500 адамнан көп адам қатысатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу қойылды.
Израиль Қорғаныс армиясы ұшырылған барлық зымырандардың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы жойылғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық шығындар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.