Junior Davis Cup 16 және Junior Billie Jean King Cup турниріне қатысатын теннисшілердің есімдері белгілі болды

1798

16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтетін Junior Davis Cup 16&under және Junior Billie Jean King Cup турниріне іріктеу жарыстары Нұр-Сұлтан қаласында аяқталды.

Junior Davis Cup 16 және Junior Billie Jean King Cup турниріне қатысатын теннисшілердің есімдері белгілі болды

Жарыстың қорытындысы бойынша 3 ойыншы іріктеліп, олар Қазақстан жастар құрамасының сапына алынды. Ағымдағы жылдың 21-27 ақпанында жасөспірімдер әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Шри-Ланкада өтетін іріктеу турнирінде ел намысын қорғайтын болады.

Аталған турнирде ел намысын жасөспірімдер арасында тараздық Данир Калдыбеков пен қарағандылықтар Әмір Омарханов пен Виталий Зацепин, ал қыздар арасында алматылықтар Айя Нупбай, Асылжан Арыстанбекова Карина Жұмажановалар қорғайды.

Осы орайда Team Kazakhstan академиясының директоры Тимур Аққазиев турнирге қатысты өз пікірін білдірді.

"Біз іріктеуге Қазақстанның барлық аймақтарынан ең мықты деген ойыншыларды шақырдық. Қазақстан құрамасын турнирдің финалдық кезеңіне шығару – биылғы басты міндеттердің бірі. Еліміздің атынан шығатын команданың мықты болғанын қалаймыз. Жаңа команда алдымен іріктеу кезеңінде, содан кейін жасөспірімдер Дэвис кубогының финалындағы топтық кезеңде жақсы нәтиже көрсете алады деп үміттенеміз", – деді Team Kazakhstan академиясының директоры Тимур Аққазиев.

Айта кетейік, Junior Davis Cup 16&under және Junior Billie Jean King Cup турнирі теннистен жасөспірімдер арасында өтетін әлем біріншілігі. Дүниежүзілік топқа немесе финалға қатысу үшін қабылдаушы елден бөлек әрбір ұлттық құрама аймақтық іріктеуден өтуі керек. Сондай-ақ 5 біліктілік аймағы бар. Африка, Солтүстік/Орталық Америка, Оңтүстік Америка, Еуропа, Азия/Тынық мұхит аймағы. Іріктеу турнирлерінің қорытындысы бойынша әр аймақтық топтан ең үздік 4 құрама финалға өтеді.

1985 жылдан бастап жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогі мен Билли Джин Кинг кубогіне жер шарының ең мықты деген жасөспірімдері соның ішінде Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Ллейтон Хьюитт, Дженнифер Каприати, Линдси Дэвенпорт, Амели Моресмо және т.б. қатысты.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу