Қай бапкер бірінші болып қызметтен кетеді?

743

Қазақстан біріншілігінің алғашқы турында бапкерлер өте қызықты пікірлер айтты. 

Қай бапкер бірінші болып қызметтен кетеді?

"Астана" өз алаңында "Шахтерді" жеңіп, чемпиондыққа ұмтылатынын байқатты. Матчтан кейін "Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян ойындаға жеңісті былай қорытындылады:

- Барлық жанкүйерлерді маусымның басталуымен құттықтаймын. Бүгін жүлде үшін күрес болды, эмоциялар басым болды, маусымның басындағы толқу әсер етті. Бірінші таймда және ойынның екінші бөлігінің алғашқы 15 минутында біз ойынды жақсы ұйымдастардық, гол соғуға мүмкіндіктер жасадық. Иә, қорғаныста 2-3 қателік жіберілді, бірақ маған жаңа маусымда алғашқы ойынды өткізгенімізді ескере отыра, команданың ойын өрнегін ұнағанын айта аламын. Бірақ бұндай сезім тек 60 минут болды. Ойынның соңғы 30 минутында нашар ойнадық, ойын тізгінін жіберіп алып, қарсыласқа басымдылықты беріп қойдық. "Ордабасы" осыны пайдаланды, қауіпті сәттері ұйымдастырды. Олар жағдайды ойыншыларды ауыстырып түзетуге тырысты, схеманы өзгертті, ойынды кері бұруға тарысты, сол себепті соңғы 30 минут біз үшін нашар болды. Ойынға сүйенетін болсақ біз жеңіске көбірек лайықты болдық.

Шымкенттік команда өз алаңында "Каспийді" жеңді. "Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев түсініктеме берді:

- Ойын өте қарқынды өтті, мүмкін кездесуге эстетика жетіспеген болар, әлде ойынға маусымның басталу әсер еткен шығар. Менің ойыншыларым қолдан келгеннің бәрін жасады. Өкінішке орай, стандартты жағдайлардан жасаған қауіпті сәттер нәтиже бермеді, бұған қарсыластың қақпашысы кінәлі. Екі гол жіберіп алдық – біреуі алыстан жасалған соққының нәтижесі, мұндай гол үшін ұрысу дұрыс емес, ал екіншісі – абайсыздан жасалған фол. Қарсылас допты иеленді, бірақ мен біздің командаға көп қысым көрсетілген жоқ деген пікірдемін. 

Ал "Жетісу" бас бапкері Алмас Құлшынбаев болса төрешілікке шағым айтты. 

- Бүгінгі матчтың төрешілігіне таңым бар. Бұл дұрыс нәрсе емес. Елдің бәрі көріп отыр. Біз бүгін жеңілетіндей ойнаған жоқпыз. Кем дегенде тең нәтижеге қол жеткізуіміз қажет еді. "Ақтөбе" жеңіске лайық ойнаған жоқ, деді Алмас Жақанұлы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу