"Қайғыдан басқа ештеңе ойлай алмаймын": Футболшының қазасына себепкер қақпашы мәлімдеме жасады

Ол қайғылы оқиғадан соң алғаш рет ел алдына шықты.

"Қайғыдан басқа ештеңе ойлай алмаймын": Футболшының қазасына себепкер қақпашы мәлімдеме жасады Фото: livescore.com

"Андорра" клубының қақпашысы Хесус Овоно "Тенерифе" шабуылшысы Хесус де Мигельдің қазасына байланысты көңілқос білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бұл – өмірімдегі ең ауыр күндер. Не айтарымды білмеймін, болған жайтты қабылдау да өте қиын. Хесустен айырылғанымыз жаныма қатты батады. Мен ол туралы, оның отбасы және оны жақсы көрген жандар туралы ойлап жүрмін, – деді қақпашы.

Овоно алдағы уақытта көптеген мәселе қаралатынын түсінетінін және қабылданатын шешімдерге құрметпен қарайтынын атап өтті.

– Қазір Хесус пен бәріміздің басымызға түскен қайғыдан басқа ештеңе ойлай алмаймын. Жаның жәннатта болсын, Хесус! – делінген футболшының мәлімдемесінде.

Жаза кетейік, қайғылы оқиға 2 қарашада "Андорра" мен "Тенерифе" арасындағы матч кезінде тіркелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу