Кайли Дженнердің инстаграмдағы посты 1 млн доллар тұрады

2813

Ең жас миллиардер Кайли Дженнердің инстаграмдағы жарнамасы 1 млн доллардан асады.  

Кайли Дженнердің инстаграмдағы посты 1 млн доллар тұрады

Hopper компаниясының дерегі бойынша, 21 жасар америкалық тележұлдыз әрі Kylie Cosmetics компаниясының негізін қалаушы екінші жыл қатарынан инстаграмда ең көп ақша табатын жұлдыздар тізімінде көш бастап келеді. Оның бір постында жарнама жасау шамамен 1,27 млн доллар тұрады.

Екінші орынға әнші Ариана Гранде жайғасты. Оның инстаграмы арқылы тауар сату 966 мың доллар. Ал үшінші орындағы Криштиану Роналду жарнама берушілерден бір пост үшін 975 мың доллар сұрайды. Кайли Дженнердің әпкесі Ким Кардашьянның посты 910 мың доллар, әнші Селена Гоместікі 886 мың тұрады.

Қазір Дженнердің инстаграмда 141 млн оқырманы бар. Ол 21 жасында өзінің косметикалық фирмасы арқылы 900 млн доллар тауып, ең жас миллиардер атанды. Сөйтіп ол 23 жасында алғашқы миллиард долларын тапқан Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукербергті артта қалдырып отыр.

Дегенмен инстаграмдағы жарнама саудасының қарқыны соншалықты жылдам емес. Ресми дерек бойынша, көрсеткіш тек 5 пайызға өсіп отыр. Көптеген кәсіпкерлер осы желі арқылы инвестиция таратуды көздеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу