"Қайрат" 21 дүркін ел чемпионы атанды

136

"Қайрат" қазақ футзалына өз атын алтын әріптермен жазуды жалғастыруда.   

"Қайрат" 21 дүркін ел чемпионы атанды

Алматылық "Қайрат" футзалдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Финалдық серияда семейлік командаға қарсы үш жеңіске дейінгі ойында 3:1 есебімен үстемдік орнатқан "Қайрат" ел біріншілігіндегі тарихи көшбасшылығын қайта қалпына келтірді.

Шешуші төртінші матчта алматылықтар 3:1 есебімен алға шыққанымен, "Семей" есепті теңестіріп үлгерді. Дегенмен, 38-минутта Алиссон жеңіс голын соғып, "Қайратты" 21-ші чемпиондық атағына жеткізді.

Алматылықтардың бұл жеңісіне легионерлер Жулио Занотто мен Алиссон, сондай-ақ ұлттық құраманың көшбасшысы Біржан Оразов ерекше үлес қосты.

Футзал маусымының қола жүлдесі батыс өңіріне кетті. Үшінші орын үшін өткен кездесуде "Атырау" клубы "Ақтөбеден" айқын басым түсіп, серияны 4:3, 3:0, 6:5 нәтижелерімен жеңіспен аяқтады.

Осылайша 2024/25 жылғы маусымда Қазақстан атынан футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасына қатысатын екі клуб анықталды. Бұл "Қайрат" пен "Семей". Алматылық клуб үшін бұл үйреншікті жағдай. Олар аталмыш жарыста әркез фаворит саналады. Ал "Семей" болса екінші жыл қатарынан халықаралық аренада бағын сынап көрмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу