"Қайрат" "Ақтөбеден" басым түсті

1339

Бүгінгі кездесуде жеңіске жеткен "Қайрат" 3 ұпай иеленгенімен, турнирлік кестеде үздік үштік қатарына іліге алмады.

"Қайрат" "Ақтөбеден" басым түсті

Қазақстан премьер-лигасының 12-турында алматылық "Қайрат" пен "Ақтөбе" кездесті. Осы маусымда Алексей Шпилевскийдің шәкірттері бірінші рет жанкүйерлердің көз алдында өтіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Ел чемпиондары сапынан Артур Шушеначев дубль авторы атанды. Ол ең алдымен кездесудің 8-минутында командасын алға шығарса, 31-минутта есепті еселей түсті. 2-таймның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Дидар Жалмұқан есеп айырмасын қысқартты. 50-минутта Хосе Канте есепті 3:1-ге жеткізді. Ал 54-минутта Эрвен Мукам "Қайсар" сапынан көзге түсті. 86-минутта Небайша Косавич ойынның нүктесін қойды. Бүгінгі  матчтан кейін 3 ұпай жинаған алматылықтар 4-орында қалды. 13 ұпай бар "Ақтөбе" 9-сатыға жайғасты.

Сондай-ақ Қазақстан премьер-лигасының 12-турында "Астана" мен "Қайсар" кездесті. Қызылордада өткен матч елордалықтардың пайдасына 5:2 есебімен аяқталды. Ойынның 31-минутында хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов алғашқы болып есеп ашты. Ал 37-минутта Армения ұлттық құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян есепті еселей түсті. Алғашқы таймның соңында ресейлік Егор Потапов есеп айырмасын қысқартты. Бірақ қосымша уақытта Макс Эбонг тағы бір гол соқты.

Үзілістен кейін алаңға қайта оралған ойыншылар матчты қарқынды бастады. Нәтижесінде Роман Муртазаев гол соқты. Ал матчтың 61-минутында Томасов пенальтиден гол соғып, дубль авторы атанды. Кездесудің соңғы минуттарында 11 метрлік айып добын орындау үшін "Қайсар" футболшысы черногориялық Стефан Денкович Дмитрий Непогодовтың қақпасынан саңылау тауып, матчтың нүктесін қойды. 32 ұпай жинаған "Астана" екінші сатыда тұрған "Тобылдан" 10 ұпайға алға озып, жеке-дара көш бастады.

Сонымен қатар бүгін "Ақжайық" пен "Тұран" кездесті. 12-тур аясында өткен матч 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Екі голдың да авторы украиналық шабуылшы Николай Кофталюк. Ол кездесудің 71-минутында есеп ашса, екінші голды 75-минутта пенальтиден соқты.

Осыған дейін өткен матчта "Қайраттың" ұпайын алған "Ақжайық" жеңістер сериясын төрт ойынға дейін ұзартты. Оралдық клуб турнирлік кестеде ел чемпионадарын артқа тастап, 3-орынды сақтап қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу