"Қайрат" әлемнің үздік 500 клубының қатарына қосылды

117

Opta суперкомпьютері футбол клубтарының жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.  

"Қайрат" әлемнің үздік 500 клубының қатарына қосылды Фото: ivemesport.com

Тізімге 13 мыңнан астам команда енді, олардың қатарында Қазақстан Премьер-лигасының клубтары да бар, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Рейтингті жасау кезінде команданың ұлттық чемпионаттағы нәтижелері, лиганың жалпы деңгейі, сондай-ақ ел мен құрлықтың рейтингі ескерілген.

Қазақстан клубтарының ішінде ең жоғары орынды алматылық "Қайрат" иеленді. Команда 24 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 486-орынға жайғасты. Осылайша, "Қайрат" Қазақстаннан ТОП-500-ге енген жалғыз клуб атанды.

Әлемнің алғашқы мыңдығына Қазақстаннан тағы үш клуб кірді.

Олар:

  • "Астана" – 591-орын
  • "Тобыл" – 877-орын
  • "Ақтөбе" – 963-орын

Opta рейтингіндегі ҚПЛ клубтарының орындары:

  • "Қайрат" – 486 (+24)
  • "Астана" – 591 (-16)
  • "Тобыл" – 877 (-34)
  • "Ақтөбе" – 963 (-22)
  • "Елімай" – 1032 (-31)
  • "Ордабасы" – 1141 (+108)
  • "Жеңіс" – 1500 (-109)
  • "Оқжетпес" – 1629 (+198)
  • "Қызылжар" – 1687 (-81)
  • "Қайсар" – 1838 (+60)
  • "Каспий" – 1912 (-162)
  • "Атырау" – 1939 (+45)
  • "Ертіс" – 1957 (-7)
  • "Алтай" – 2087 (+82)
  • "Ұлытау" – 2323 (+130)
  • "Жетісу" – 2382 (+98).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу