"Қайрат" – "Андерлехт" матчы алдында жанкүйерлерге үндеу жасалды

305

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч алдында алматылық "Қайрат" өз жанкүйерлеріне үндеу жасады.  

"Қайрат" – "Андерлехт" матчы алдында жанкүйерлерге үндеу жасалды Фото: fckairat.com

20 тамыз сағат 20:00-де Алматының Орталық стадионында "Қайрат" бельгиялық "Андерлехт" командасын қабылдайды. Осыған байланысты жанкүйерлерден билеттерді алыпсатарлардан сатып алмауды ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мұндай билеттердің күші жойылуы мүмкін, сондықтан матчқа кіре алмай қалу қаупі бар. Бұл жанкүйерлерге де, ұйымдастырушыларға да қолайсыздық туғызады", – деп матч көрермендеріне ескерту жасады.

Сонымен қатар билеттерді тиісті мобильді қосымшалар арқылы сатып алуға болатыны белгілі болды. Сатып алу кезінде ЖСН көрсету қажет, сондай-ақ сатып алынған билеттер кері қайтарылмайды.

Ал матч өтетін күні көрермендерге кездесудің басталуына 2-3 сағат қалғанда стадионға келу ұсынылды. Бұл кезекте тұрып қалмауға және үлкен еурокубок кешінің атмосферасын толық сезінуге мүмкіндік береді.

"Бізге сіздердің дауыстарыңыз, энергияларыңыз және алғашқы минуттан соңғы минутқа дейінгі қолдауларыңыз қажет", – делінген футбол клубы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұл матч "Қайрат" үшін Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу жолындағы маңызды қадам болмақ. Алматылық клуб бұған дейін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьескасын" және Кипрдің "Омониясын" жарыстан шығарған. Алайда үшінші кезеңде болгариялық "Левскиден" екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіліп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу