"Қайрат" "Базельден" айласын асыра алмады

1176

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасының топтық кезеңінің екінші турында швейцариялық "Базельден" ұтылды.

"Қайрат" "Базельден" айласын асыра алмады

Командалар арасындағы кездесу Швейцарияда өтіп, 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ойын барысында "Базель" төрт гол айырмашылығымен алға шыққан болатын.

Швейцариялықтар бірінші таймда жеңіске жету үшін маңызды қадам жасады. Алдымен 15-минутта Артур Кабрал есеп ашты, содан кейін Михаэль Ланг (21 және 39-минут) дубль жасады. 49-минутта Дан Ндой "Қайрат" қақпасына командасының төртінші голын соқты. 65-минутта Хосе Канте бір гол соқты, ал үш минуттан кейін Рикарду Алвеш пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты. Алайда, алматылықтарға таразы басын теңестіруге уақыт жетпеді.

Кездесуден кейін алматылық команданың бас бапкері өз ойымен бөлісті.

"Менің ойымша, "Базель" лайықты жеңіске жетті. Біз болмашы голдарды жіберіп алдық. Бұл бізге ұйымдаса жұмыс істеуге себепші болды. Екінші таймда бірігіп, өзіміз ойнай алатын футбол көрсетуге тырыстық. Екіден көп гол соғуымыз мүмкін еді. Бірақ, нәтиже осындай" - дейді Бердыев.

Осылайша, екі турдан кейін турнирлік кестеде Н тобындағы жағдай келесідей: "Карабах" - 4 ұпай, "Базель" - 4 ұпай, "Қайрат" - 1 ұпай, "Омония" - 1 ұпай. Естеріңізге сала кетейік, бірінші турда, "Қайрат" өз алаңында "Омониямен" - 0: 0 есебімен, ал "Базель" сыртта - "Карабахпен" - 0: 0 есебімен тең түсті. Үшінші турда "Қайрат" сырт алаңда "Карабахпен" кездеседі. Ал "Базель" "Омонияны" қабылдайды. Матчтар 21 қазанға жоспарланған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу