"Қайрат" бір күнде екі командаға есе жіберді

2783

Бүгін Алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі матч өткізді.

"Қайрат" бір күнде екі командаға есе жіберді

Бұл жолы Алексей Шпилевский шәкірттеріне Самараның "Крылья Советов" командасы қарсылас болды. Кездесу 3: 2 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды. Алматылық клуб ойыншыларынан Небойша Косович (51-мин) пен Айбол Абикен (53-мин) көзге түсті.

Кездесу аяқталған соң "Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский кездесуге қатысты өз пікірін білдірді.

"Жақсы қарсыласпен өткен тамаша матч болды. Менің ойымша, "Крылья Советов" Ресейдің Премьер-лигасына өте алады. Барлығы біз күткендей болды. Жігіттерге 90 минут ойнауға рұқсат етілді. Иә, біз дайындықты енді бастап жатырмыз. Бірақ бірінші таймға көңілім толмады. Қайта біз өте өрескел жеке қателіктер жіберіп алдық. Тактикалық сәттерді қабылдамадық. Бізде доппен ойнауда үлкен қиындықтар болды. Ойыншыларымыз допты өте тез жоғалтып, қарсыласқа қарсы шабуыл жасауға мүмкіндік берді. Ал, екінші таймға өте риза болдым. Жігіттер өз ойындарын көрсете алды", - деді Алматылық клубтың бас бапкері.

Шпилевскийдің командасы үшін бұл Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы екінші жеңіліс. Бұған дейін "Қайрат" Мәскеудің "Динамосынан" 0: 2 есебімен жеңілген болатын.

Бірақ жеңілістер сериясы мұнымен аяқтала қойған жоқ. Бүгін елорда уақытымен 20:00-де "Қайрат" украиналық "Александрия" командасына қарсы алаңға шықты. Бұл ойынға Шпилевский "Қайрат" академиясының он түлегін және Адеринсола Эсеоланы шығарды.

Егер бірінші тайм голсыз, тең нәтижемен аяқталса, үзілістен кейін "Александрия" ойыншылары екі жылдам гол соқты. Оның үстіне, екі рет "Қайраттың" қақпашысы қателікке жол берді. Осыдан кейін "Қайрат" тағы үш гол жіберіп алды. Бірақ олардың бірі есепке алынбады. Соңында алматылықтар қарсыластар қақпасына бір гол соқты. Гол авторы Андрей Ульшин. Нәтижесінде кездесу 4:1 есебімен, украиналық команданың пайдасына аяқталды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу