Қайрат Боранбаев: "Премьер-лигадағы командалардың санын 16-ға дейін ұлғайтса да қарсы емеспін"

1746

Бұған дейін лиганы 14 командаға дейін кеңейтетіні туралы ақпарат шыққан еді.

Қайрат Боранбаев: "Премьер-лигадағы командалардың санын 16-ға дейін ұлғайтса да қарсы емеспін"

"Қайрат" футбол клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан чемпионатында ойнайтын командалардың 14-ке дейін ұлғаюы мүмкін екендігі туралы ақпаратқа пікір білдірді.

"Біз лиганы 14 командаға дейін кеңейту туралы ақпаратты ҚКФЛ-ның жақында өткен жиналысында ғана естідік. Мүмкін бұл дұрыс шығар. Бірақ біз оның пайдалы немесе тиімсіз жақтарын есептеуіміз керек. Өйткені бұл бәріне қосымша қаржылық шығын болып табылады. Әсіресе командалардың бюджеті қысқарып жатқанын ескеретін болсақ. Ең бастысы клубтар Премьер-лигада ойнағысы келе ме, қаржы жағынан чемпионатта өнер көрсетуге дайын ба? "Ертіспен" болған оқиға тағы қайталанбай ма?

Мұның барлығы өте маңызды. Мен бұл шешімге қарсы емеспін. Тіпті лиганы 16 командаға дейін ұлғайтуға болады. Бірақ біз мұндай шешімдердің бірлескен диалогта қабылданғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта біз бұл ұсынысты тек ҚКФЛ отырысында тыңдадық. Ешқандай пікірталас болған жоқ. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауға ерте. Біз оны бірнеше рет талқылауымыз керек", - деді Боранбаев.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылғы маусымда "Қайрат" соңғы 16 жылда алғаш рет чемпион атанды. "Тобыл" екінші орынды, ал "Астана" үшінші орынды иеленді. Павлодарлық "Ертіс" маусымның басында қаржы мәселесіне байланысты чемпионатта ойнаудан бас тартты. "Оқжетпес" Бірінші лигаға түсіп қалды. Премьер-лигада ойнауға екі команда - "Атырау" мен "Ақтөбе" мүмкіндік алды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу