"Қайрат" Чемпиондар Лигасында алғаш рет өз алаңында гол соқты

132

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчта бельгиялық "Брюггеден" жеңіліс тапты.

"Қайрат" Чемпиондар Лигасында алғаш рет өз алаңында гол соқты

Кездесу турнирдің жетінші туры аясында өтті. Бірінші таймда ойын толықтай қонақтардың басымдығымен өрбіді. Олар алаң иелерінің қақпасына екі гол соқты. Есеп 32-минутта ашылды. Александар Станкович Темірлан Анарбеков қақпадан шығып, допты сәтсіз қайтарған сәтте бірінші болып допқа жетіп, бос қақпаға дәл соққы жасады.

Алты минуттан кейін қонақтар басымдықты арттыра түсті. 38-минутта Ханс Ванакен жақын қашықтықтан соққы жасап, алматылықтардың қақпашысына еш мүмкіндік қалдырмады.

74-минутта Ромео Верман есепті еселей түсті. Ал он минуттан соң Брэндон Мехеле бельгиялықтардың пайдасына есепті 4:0-ге жеткізді.

Екінші таймның соңында алматылықтар жұбаныш голын соқты. 90+2-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Әділет Садыбеков допты қағып алып, айып алаңының сызығынан дәл соққы жасап, есепті 1:4 етті. Бұл Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылықтардың өз алаңында соққан алғашқы голы болды.

Соңғы, сегізінші турда алматылық команда қонақта Лондонның "Арсеналымен" кездеседі. Ойын 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу