"Қайрат" 10 ойыншымен қалған "Пафосты" жеңе алмады

730

UEFA Чемпиондар лигасының үшінші турында алматылық "Қайрат" кипрлік "Пафоспен" кездесті.

"Қайрат" 10 ойыншымен қалған "Пафосты" жеңе алмады Фото: Қайрат ФК

94 (+4) минутқа созылған ойын тең нәтижемен аяқталды.

Ойынның 3-минутында "Пафос" сапындағы футболшы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Алайда "Қайрат" сан басымдығын голға айналдыра алмады.

32-минутта қақпашы Темірлан Анарбек "Пафос" шабуылшысымен бетпе-бет шығып, қақпасын сенімді қорғап қалды.

71-минутта кипрлік команда гол соққанымен, ол офсайд болғандықтан есепке алынбады.

Осылайша, толық құраммен ойнаған "Қайрат" 10 ойыншымен қалған "Пафосты" жеңе алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу