"Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

158

Алматылық клубтың ойыншылары соңғы минуттарда жеңісті қарсыласынан жұлып алды.  

"Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады Фото: fckairat.com

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Қайрат" өз алаңында черногориялық "Сутьеску" клубымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бірінші таймда кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Екінші тайм тартысқа толы болды. 76-минутта Исмаил Бекболаттың берген пасына бірінші болып жеткен бразилиялық легионер Лукас Африко есеп ашса, 90-минутта қонақтар шабуылшысы Марко Мрвалевич таразы басын теңестірді.

Төреші қосқан қосымша минутта (90+2) тағы сол Исмаил Бекболаттың пасын бұл жолы Марк Гуаль голға айналдырды.

Қарымта матч Черногорияда 16 шілдеде өтеді. Жеңіске жеткен команда іріктеу кезеңінің екінші айналымына жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу